ҚР Президент Іс басқармасының Ұлттық госпиталінде пациенттер ПТР-тест тапсыра алады. Оның көмегімен патогендік ДНҚ молекулаларын анықтауға және олардың көшірмелерінің санын есептеуге болады, содан кейін емдеуді түзетуге болады. Бұл туралы Kazpravda.kz сайтында ҚР ПІБ Ұлттық госпиталінің клиникалық-диагностикалық зертханасының лаборанты Люция Салихова айтып берді.
Оның айтуынша, бүгінде өте қатты зақымдалған ДНҚ-ны да қаннан, сілекейден, зәрден, теріден, тырнақтардан, шаштан бөліп алуға болады.
«Ұлттық госпитальде ДНҚ арқылы вирус-гепатит және урогенитальды инфекцияларды, сондай-ақ басқа қоздырғыштарды анықтайды. Соңғы уақыттарда танымал болған ПЦР-тесті жүргізіледі, оның көмегімен патогендік ДНҚ-молекулаларын ғана емес, олардың көшірмелерінің санын да есептеуге болады. Бұл емді түзетуге мүмкіндік береді. ПЦР вирустық инфекцияларды, саңырауқұлақтарды анықтауға, туыстықты орнатуға, алдын ала тұқым қуалаушылықты диагностикалауға, генетикалық мутацияларды анықтауға көмектеседі», - делінген материалда.
Сондай-ақ, сараптама арқылы тұқым қуалайтын аурулардың даму ықтималдығын және денсаулыққа төндіру қаупін бағалауға болады.