Басты бетПрезидент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті Президент Іс басқармасында Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті

 

Президент Іс басқармасында Конституция күні мерекесіне арналған салтанатты іс-шара өтті.

Алқалы жиынның басында сөз алған ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев:

– Конституция – еліміздің басты құжаты, қоғамдағы тұрақтылықтың, тыныштық пен келісімнің кепілі, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасы, - деп атап өтті. Ол ұжым мүшелерін құттықтап, табыс тіледі.

Ата заңымыз 1995 жылы 30 тамызда өткен бүкілхалықтың референдум нәтижесінде қабылданғаны мәлім. Сол жылдары Президенттің Жоғарғы Соттағы Өкілдігінде қызмет атқарып, тарихи оқиғаға куә болған ҚР ПІБ Президенттік орталығы директорының орынбасары Серік Сыдықов Конституцияның ел өміріндегі маңызы туралы шағын баяндама жасады.

- Конституция еліміздің негізгі Заңы ретінде Қазақстан халқының еркіндігінің нышаны, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығуға деген құлшынысының айғағы. Елімізде Конституциялық реформалар әлі де жалғасып жатқанын атап өткен жөн, ол үздіксіз жүреді. Конституциялық реформалар мен оны жүзеге асыруды бақылау өте өзекті. Реформаның табысты болуы қоғамның ерік-жігеріне, осы процеске белсене ат салысуына тікелей байланысты,- деп атап өтті ол.

Алқалы жиын барысында Президент Іс басқармасына қызметке жаңадан қабылданған мемлекеттік қызметкердің ант беру рәсімі өтті. Жас мамандар қатарын Арман Қайырбаев толықтырды.

Қатысушылар оны құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жемісті жұмыс атқаруына тілектестік білдірді.