Президент орталығы Астана қаласындағы №96 мектеп-гимназиясының болашақ бірінші сынып оқушыларына Конституция күні мен Білім күніне арналған «Менің Отаным – Қазақстан» атты мерекелік сабағын өткізді.
Іс-шара барысында болашақ оқушылар өз білімдері мен таланттарын көрсетті, Қазақстан туралы өлеңдер мен мақал-мәтелдер айтып, ән шырқап, авторлық хореографиялық қойылымдар көрсетіп, өздерінің туған елінің тарихымен және Конституциясымен танысты.
Бұл мерекелік сабаққа 30-дан астам бала қатысты.
Бүлдіршіндерге олардың өміріндегі жаңа маңызды кезеңнің басталуын білдіретін алғашқы қоңырау соғылды. Алғашқы сабақтың құрметіне кішкентай қатысушыларға естелік сыйлықтар мен кәдесыйлар табыс етілді.