Басты бет«Almaty Resort» шипажайындағы жоғары технология мен тәжірибелі мамандарының скринингі көпшілікті...

«Almaty Resort» шипажайындағы жоғары технология мен тәжірибелі мамандарының скринингі көпшілікті қызықтырады

«Almaty Resort» шипажайындағы жоғары технология мен тәжірибелі мамандарының скринингі көпшілікті қызықтырады «Almaty Resort» шипажайындағы жоғары технология мен тәжірибелі мамандарының скринингі көпшілікті қызықтырады «Almaty Resort» шипажайындағы жоғары технология мен тәжірибелі мамандарының скринингі көпшілікті қызықтырады

Шипажай директорының емдеу-оңалту жұмысы жөніндегі орынбасары Салтанат Бейсембаеваның сөзінше, шетел азаматтарының медицина және сауықтыру туризміне қызығушылығын «AlmatyResort» - та байқауға болады. Толық мақала «Огни Алатау» газетінің сайтында жарық көрген.

«Біздің «Almaty Resort» сауықтыру кешенімізге 2024 жылдың бірінші жарты жылдығында шетелден келетін туристердің саны былтырғыдан қарағанда 11.5 пайыз көбейгенін көріп отырмыз. Қонақтар көбіне көрші: Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан және ҚХР келді. Ал, алыс шетелді айтар болсақ Ұлыбритания, АҚШ пен Германия азаматтары келді» - деді шипажай басшысы.

Сонымен қатар, «AlmatyResort» шипажайында 10 минутта жылдам әрі толық тексеретін «БИОРС» медсканері бар.

Медсканердің тексеруінде дәстүрлі әрі ақпаратты-есептеу бағдарламасы бар. Бағдарлама бар немесе шығуы мүмкін ауруды графикалық есеп ретінде шығарып беріп, организмнің жағдайын, пайдалы жаттығу мен дұрыс ас ішу туралы да ұсынысты жазып береді.

Оған қоса Салтанат Бейсембаева: «Келушілер шипажайда өзіне ыңғайлы жағдайда кез келген тексеру түріне бара алады. Диагностиканың кез келгеніне 5 күндік жолдамасын да бар. Білікті дәрігердің қарауына барып, консультация алуға болатын, УДЗ, ЭКГ кешенін құрайтын 10 түрлі диагностика бағдарламасы бар» - дейді.

Айта кетсек, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 40 жасқа дейінгі адамдарға екі жылда бір рет, 40 жастан асқандарға жыл сайын тексеріліп тұруды ұсынады.

«Шипажайдағы скрининг мен санатори-курортты емдеу шарасы - уақыты тығыз болса да тәнін сауықтырып, тыныққысы келетін адамдарға арнаулы, жақсы мүмкіндік» дейді газетте.