Шөлмекке құйылған ауыз су жарамдылық мерзімі ішінде және сақтау шарттары сақталған жағдайда адам денсаулығына қауіпсіз. ҚР ПІБ Медициналық оталығының Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитарлық дәрігері Сандуғаш Мұқажанова су сатып алғанда не нәрсеге мән беру керектігін Liter.kz сайтында айтып берді.
- Судың мақсаты (ауыз су, емдік немесе асхана), шығарылған күні, жарамдылық мерзімі және сақтау шарты жазылуы керек. 5 литрлік ыдыс па, әлде балаға арналған шағын шөлмек болса да, соны оқып алған жөн.
Сондай-ақ, қақпағын ашқаннан кейінгі жарамдылық мерзімі де көрсетілуі керек. Бұл ақпаратқа мән беріңіз, өндірушінің ұсыныстарын орындаңыз, олар зерттеуге негізделген, - дейді маман.
Емдік суды дәрігермен кеңескеннен кейін, белгілі бір ауруларда және белгілі бір дәрігер айтқан мөлшермен ғана ішу керек. Сонымен қатар, газдалған суды көп тұтынудан аулақ болған жөн.
«Ауыз су» мен «асхана» суын барлық адамдарға ішуге болады. Дегенмен, 3 жасқа дейінгі балаларға ұзақ сақталатын суды бермеген жақсы.
Қаптаманың тығыздығы, судың атауы, құрамы, өңдеу әдісі бойынша таңбалау атрибуттары да маңызды. Еуразилық экономикалық одақ нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісімен ғана таңбалау қауіпсіздік жөніндегі техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін куәландырады. Таңба КО ТР 022/2011 «Азық-түлік өнімін таңбалау бөлігінде» Кеден одағының техникалық регламентіне, «Табиғи минералды суды мен ауыз судың қауіпсіздігі туралы» Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламентіне (ЕАЭО ТР 044/2017) сәйкес келуі тиіс.
Маманның айтуынша, кеңседе немесе үйде құю жүйелерін (салқындатқыштар, сорғылар) пайдалансаңыз, бұл құрылғыларды үнемі жуып, дезинфекциялап тұру қажет. Сорғыны әр екінші бөтелкеден кейін жуып, үш айда бір рет санитарлық тазалау артық болмайды.
Су ағзаға барлық нормаларға толық сәйкес келген жағдайда ғана пайдалы. Тексергіңіз келе ме? Біз қуана көмектесеміз. Микробиологиялық және паразитологиялық зерттеулер судың радиациялық қауіпсіздігін және ондағы әртүрлі бактериялар мен паразиттердің бар-жоғын анықтауға мүмкіндік береді, - дейді Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы санитарлық дәрігері. Судың қауіпсіздігі мен сапасын тексеру орталықтағы заманауи жабдықтары бар, барлық аккредиттеу сертификаттары бар мамандандырылған зертханаларда жүргізіледі.