15 тамызда ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттарының дирекциясы Астанада өткен бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысты.
Кадр қызметі басшыларының айтуынша, жәрмеңкеде жүкші, тазалаушы, аспаз, инженер, слесарь, менеджер сынды көрмеге 16 түрлі біліктілік бойынша 60-қа жуық бос жұмыс орындары ұсынылды, - деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.
Әкімшілік ғимараттар дирекциясы кадр бөлімі директорының орынбасары Диас Мұхамедиярдың айтуынша, жаңа қызметкерлерге Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес жұмыс беріліп, барлығы толық әлеуметтік пакетпен және тасымалдайтын көлікпен қамьылады.
Айта кетейік, бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде мекемеге 93 түйіндеме түсті (40 – электронды түрде, 53 – қағаз түрінде).
Біліктілік талаптарына сәйкес келетін және сұхбаттан сәтті өткен 25 үміткер жұмысқа орналастырылды. Қалған бос жұмыс орындары бойынша үміткерлерді іріктеу жалғасады.