ҚР Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы ауруханасының тәуліктік стационарында 7 ай ішінде 11 143 пациент ем алған. Бұл былтырғы жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен 1055 адамға көп.
Пациенттер арасында ең көп сұранысқа ие-кардиология, терапия және оториноларингология бөлімдері.
Сонымен қатар тәуліктік стационарда жасалған операциялар саны 6535-ке жетіп, 2023 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштен асып түсті.
Ақылы қызметтер бойынша 7 ай ішінде оториноларингология мен көз микрохирургиясына сұраныс ең көп болған – 179 пациент. Екінші орында гастроэнтерология, эндокринология бөлімдері тұр (159 пациент). Кардиолог мамандардың көмегіне жүгінгендер саны – 113 адам. Сұранысқа ие қызметтер қатарында кардиоңалту, гинекология, соматикалық бөлім, терапия да бар екенін атап өткен жөн.