Басты бетПарламентаризм институтының сарапшылары құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң жобасын талқылауда

Парламентаризм институтының сарапшылары құқық бұзушылықтың алдын алу туралы заң жобасын талқылауда

«Астана ақшамы» газетінің жаңа санында құқық бұзушылықтың алдын алу туралы жаңа заң жобасын әзірлеуге арналған «Құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік — әрбір қазақстандық үшін ортақ міндет» деген тақырыппен материал жарияланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Ішкі істер министрлігі қолданыстағы бес заңнамалық актіні біріктіретін тұжырымдамалық заңмен жұмыс істей бастады. Олардың қатарына осындай заңдар кіреді: «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы  мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы» және «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы». 

Аталған заң жобасы мемлекеттік органдардың, ҮЕҰ, ғылыми және халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ қоғамдық кеңестердің қатысуымен әзірленеді. Бұл процеске парламентаризм Институты да белсенді қатысады, ол заң жобасын жақсарту бойынша бір қатар түзету ұсынып жатыр.

Жаңа заң жобасы құқық бұзушылықтардың алдын алуға жауапты мемлекеттік органды айқындауды, профилактика субъектілерінің тізбесін кеңейтуді және олардың міндеттерін нақты ажыратуды көздейді. Сондай-ақ профилактикалық шараларға жататын адамдардың тізімін қайта қарау және үйлестіру және жеке профилактика тетіктерін жетілдіру жоспарлануда.

Парламентаризм институтының сарапшылары бірыңғай заң құру қажеттілігі бұрыннан өзекті болғанын атап өтті. Бұл шешім азаматтардың құқықтық қорғалуын нығайтуға, құқық қолдануды жеңілдетуге және жауапты органдардың өкілеттіктерін нақты айқындауды талап етуге тиіс.