«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 26 маусымдағы № 408 бұйрығымен бекітілген Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуге жатпайтын нормативтік құқықтық актілердің тізбесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32893 болып тіркелген) 11-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
- «Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының қызметтік куәлігін беру қағидаларын және оның сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысының 2016 жылғы 8 қыркүйектегі № 13/139 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14286 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
- Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының интернет ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3.
Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Іс басқарушы А. Нұрпейісов