Осы аптада ҚР ПІБ Медициналық орталығының Маңғыстау облысындағы күндері аяқталды.
Төрт күнге созылған іс-шара барысында Медорталық Ауруханасы мен Ұлттық госпитальдің дәрігерлері 11 адамға күрделі ота жасап, 156 консультациялық көмек көрсетті.
Сондай-ақ жергілікті әріптестеріне медицина тақырыбында 23 презентация өткізіп, дәріс оқыды.
Аталған акция биыл екінші жыл қатарынан өтіп жатқанын айта кетейік. Медорталық мамандары жыл басынан бері Қарағанды, Павлодар, Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарына барып, өңірлердің халқына практикалық және консультациялық көмек көрсетті.