Басты бетМедорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді

Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді

Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді Медорталықтың Маңғыстау облысындағы күндері өтеді

23-26 шілде аралығында Манғыстау облысында Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының күндері өтеді. 

Бұл маңызды іс-шара денсаулық сақтау саласында тәжірибе алмасуға және заманауи әдістерді енгізуге, сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесуге арналған.

ҚР ПІБ Медициналық орталығының білікті мамандары облыс тұрғындары үшін нейрохирургия, онкология, эпилептология, кардиологияны қоса алғанда, түрлі медициналық бағыттар бойынша тегін практикалық және консультациялық-әдістемелік көмек көрсетеді.

Бұл бастама ҚР ПІБ Медициналық орталығының Қазақстандағы медициналық көмекті жетілдіру және денсаулық сақтауды дамыту жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Мұндай сапарлар озық тәжірибе мен технологияларды тарату мақсатында еліміздің басқа өңірлерінде де өткізілетін болады.

БАҚ өкілдерінен қосымша ақпарат пен сұрау салулар мынадай байланыстар бойынша алынуы мүмкін: + 7 705 808 3462.