Басты бетПрезидент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті

Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті

Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті Президент орталығында street-art жанрында мәдени шара өтті

Президент орталығында street-art жанрының кәсіби шеберлерін, сондай-ақ әуесқой суретшілерді біріктіретін «Astana Graffiti Festival» ашылуы өтті. 

Фестивальдің масқаты көше өнерін әлеуметтік маңызды ақпаратты визуализациялау құралы ретінде танымал ету. Сондай-ақ street-art жанрында жұмыс істейтін кәсіби және әуесқой авторларға олардың шығармашылық әлеуетін дамыту және жүзеге асыруда қолдау көрсету.

Президент орталығы директорының орынбасары Бөтагөз Қайыпова  креативті жобаға табысты бастама және жемісті жұмыс тілеп, граффити суретшілері жасаған жұмыстар заманауи өнердің дербес жанры, мәдениет пен қалалық өмір салтының ажырамас бөлігі екенін атап өтті.

Суретші әрі мүсінші Сырым Мүсіреповтің айтуынша, «Astana Graffiti Festival» халықаралық аренада қазақстандық өнердің мәдени алмасуына және ілгерілеуіне, граффити-мәдениетті оң қабылдауды қалыптастыруға және дамытуға, жастар мәдениеті құндылықтары жүйесін дамытуға ықпал ететін болады.

Өз кезегінде жоба үйлестірушісі Елден Сарыбай ниет білдіргендердің барлығын мәдени іс-шараға қатысуға шақырды. Оның пайымдауынша, кейіннен бұл алаңда қызықты идеялар мен бірегей көркем туындылар пайда болатынына сенім білдірді.

Айта кетсек, Президент орталығы ғимаратының алды бір ай ішінде street-art галереясына, суретшілердің еркін шығармашылығына арналған алаңға айналмақ.