Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892,
e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімінің бас инспекторы, В-3 санаты.
Функционалдық міндеттері:
Құрылыс объектілері бөлігінде мердігерлермен есеп айырысу, сондай-ақ құрылыс шығындары бойынша есебін жүргізу. Іс басқармасының объектілері бойынша шетелдік жеткізушілер төлеген кезде пайда болған курстық айырмашылықтардың есебін жүргізу. Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді Іс басқармасының балансынан ведомстволық қарасты және басқа ұйымдардың балансына беру-қабылдау актілерін жасау. Негізгі құралдарды, оның ішінде ведомстволық қарасты ұйымдардың жарғылық капиталын толықтыруға және ұлғайтуға беру бойынша ай сайын мониторинг жасау. Мердігерлер бойынша дебиторлық және кредиторлық берешектерге талдау жасау. «Активтерді түгендеу, оның ішінде ғимараттар мен автокөліктерді түгендеу» есебін жасау. Мемлекеттік мекемелерде түгендеу жүргізу қағидаларына сәйкес активтер мен міндеттемелерге түгендеу жүргізу.
Орташа лауазымдық жалақысы: 593 751
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы.
Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер
В-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 211 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.
Әңгімелесу откізу орынымен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.