ҚР ПІБ МО ауруханасы мен Түркияның «Медиполь» ірі медициналық және білім беру тобы құрамына кіретін «Медиполь Мега» клиникасы арасында серіктестік туралы меморандумға қол қойылды.
Аурухана директорының Стратегиялық даму, ғылым және білім жөніндегі орынбасары Насрулла Шаназаров пен Түркияның Ыстамбұл қаласында орналасқан «Медиполь Мега» клиникасы өкілдігінің директоры, басқарушы менеджер Ибрагим Докташ (Ibrahim Doktas) мырза кездесіп, өзара келіссөз жүргізу арқасында аталған меморандумға қол жеткізді.
Серіктестік туралы меморандум шеңберінде екіжақты клиникалық тәжірибе алмасу, оның ішінде Паркинсон дертін емдеу, сонымен қатар ғылыми, клиникалық және білім беру жобаларын бірлесіп жүзге асыру қарастырылған.