ҚР ПІБ МО ауруханасының Аритмология орталығы Германияның Киль қаласында орналасқан Кристиан Альбрехт атындағы Киль Университетінің электрофизиология және жүректі ширықтыру (кардиостимуляция) бөлімінің жетекшісі, медицина ғылымдарының кандидаты, аритмолог дәрігер Лян Евгений Викторовичтің қатысуымен «Жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарының радиожиілікті аблациясы» тақырыбында шеберлік сыныбын ұйымдастырды.
Шеберлік сыныбын өткізу шеңберінде жүрек ырғағының күрделі бұзылыстарына 7 ота жасалды.
Лектордың дәрісін тыңдау үшін Семей, Қарағанды және Бішкек қалаларынан 3 дәрігер келгенін айта кетейік.
Сонымен қатар дәрігер Евгений Лян ҚР ПІБ МО ауруханасы мен басқа да мекемелердің кардиолог дәрігерлеріне жүрек ырғағының бұзылуына қатысты дәріс оқыды.