Басты бетҰлттық госпитальдің Нейрохирургия бөлімінде 8 жылда 6 мыңнан астам сәтті операция жасалды

Ұлттық госпитальдің Нейрохирургия бөлімінде 8 жылда 6 мыңнан астам сәтті операция жасалды

Ұлттық госпитальдің Нейрохирургия бөлімінде 8 жылда 6 мыңнан астам сәтті операция жасалды Ұлттық госпитальдің Нейрохирургия бөлімінде 8 жылда 6 мыңнан астам сәтті операция жасалды

ҚР ПІБ Медорталығының Ұлттық госпиталінде Нейрохирургия бөлімі ашылғаннан бері 6000 ота сәтті ота жасалды. 

Бұл бөлім JCI әлемдік сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істейді.

Әртүрлі нейрохирургиялық ауруларды диагностикалау және емдеу әдістері жапониялық, германиялық, америкалық және кореялық Premium санатты жабдықтарымен жасалады.

Зерттеулер мен диагностика сенімділігі мен жылдамдығы бойынша көшбасшы саналатын Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең ірі көпсалалы зертханасында жүргізіледі.

Бөлімше жақын және алыс шетел клиникаларының жетекші нейрохирургтарымен ынтымақтасып жұмыс істейді, бірге консилиумдар өткізеді, қажет болған жағдайда клиникада бірлесіп емдейді.

– Жылына мыңға жуық операция жасаймыз. Бастапқыда 500-ге жуық ота жасалатын, кейін біртіндеп жұмыс көлемі ұлғайды. Осы сегіз жыл ішінде бөлімшеде 6000-ға жуық операция сәтті өтті. Жоғары білікті, тәжірибелі дәрігерлер жұмыс өтілі жоғары кәсіби деңгейде барлық қажетті медициналық процедураларды жүргізеді. Бұл команданың ең үлкен жетістігі, — дейді Нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Марат Саршаев.