Мемлекеттік қызметші күніне орай, ҚР Президенті Іс басқармасы жүйесінің қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқаудан басталды.
Алқалы жиын барысында Іс басқармасының қызметкері Дина Шабанова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Орталық аппараттың, Медициналық орталықтың, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының мамандары ҚР Президенті Іс басқармасының Құрмет грамотасына және Алғыс хаттарға ие болды.
Ұжым мүшелерін кәсіби мерекемен құттықтаған ҚР Президенті Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев:
- Сіздер Мемлекет басшысының, орталық мемлекеттік органдардың және Парламенттің қызметін қамтамасыз етіп, жауапты миссияны абыроймен атқарып келесіздер. Бұл, бірінші кезекте, мамандарымыздың әр күн сайын атқарып жүрген еселі еңбегінің әрқасы. Баршаңызға мықты денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, қызметте жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін, - деп атап өтті.