Басты бетҚұқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заң жобасы талқыланды

Құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заң жобасы талқыланды

Құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заң жобасы талқыланды Құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заң жобасы талқыланды Құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған заң жобасы талқыланды

Бүгін ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты мен ҚР Президенттік орталығы «Құқық бұзушылықтың алдын алу: заңға қайшы әрекеттерге нөлдік төзімділік қағидатының негізі» атты дөңгелек үстел өткізді.

Алқалы жиында айтылғандай, қазіргі таңда Үкіметте құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы заң жобасын әзірленіп жатыр. Бұл құжатта қолданыстағы «Құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы», «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу туралы», «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы», «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әкімшілік қадағалау туралы», және «Азаматтардың қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысуы туралы» 5 заң қамтылатынын атап өткен жөн. Ал Парламентаризм институты жаңа құжатқа өз тарапынан түзетулер мен ұсыныстар әзірлейді.

Дөңгелек үстелге қатысқан Парламент депутаттары, мемлекеттік органдар өкілдері, сарапшылар мен ғалымдар құқық бұзушылықтың алдын алу саласында бірыңғай заң әзірлейтін уақыт жетті деген пікірде. Халықтың құқықтық тұрғыда қорғалуын жетілдіруге бағытталған құжатта жауапты органдардың құзіреттері, ведомствоаралық үйлестіру тетіктері және құқық бұзушылықтардың  алдын алу құралдары нақты көрініс табуы керек.   
Жиында Парламентаризм институтының норма шығару мәселелері жөніндегі атқарушы директоры Алмас Қанатов елдің қауіпсіздік деңгейі оның дамуының негізгі өлшемдерінің бірі екенін атап өтті. Парламентаризм институтының сарапшысы, заң ғылымдарының докторы Әлібек Темербеков өз сөзінде кейбір тарихи аспектілер мен құқық бұзушылықтың алдын алудың жай-күйіне тоқталды. 

Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің алдын алу қызметі басқармасының бастығы Руслан Қаржасбеков «құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» ҚР Заңы жобасының нормалары жайлы егжей-тегжейлі баяндады. 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша әзірленген ұсынымдар тиісті уәкілетті органдар мен Парламентке жіберіледі.