Басты бетҚР ПІБ Медорталық ауруханасында резиденттер мен дәрігерлерге дәріс оқылады

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында резиденттер мен дәрігерлерге дәріс оқылады

ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында резиденттер мен дәрігерлерге дәріс оқылады ҚР ПІБ Медорталық ауруханасында резиденттер мен дәрігерлерге дәріс оқылады

ҚР ПІБ Медорталығының ауруханасында көп жылдық тәжірибесі бар бас мамандар мен бөлім меңгерушілері клиникадағы резиденттер мен жас дәрігерлерге дәріс оқиды.  

Дәріскерлер қатарында хирургиялық, терапевтік бөлімдердің жетекшілері бар. Алдағы уақытта басқа да мекемелерден медицина саласының ғалымдары да келуі мүмкін. 

- Әдетте көпсалалы ауруханада мамандар өзінің тікелей жұмысымен ғана айналысып, басқаға мойын бұруға мүмкіндігі болмай жатады. Стационардағы әріптестерінің қаншалықты білімді екенін, қандай жаңаша тәсілдерді қолданатынын өзгелер білмеуі де мүмкін. Біз осы тәжірибе арқылы жас мамандармен пікір алмасып, әлемде, елімізде, біздің ауруханада қандай трендтер, жаңалықтар болып жатқанынан хабардар болғанын қалаймыз. Мұның бәрі науқастарға ең сапалы қызмет көрсету үшін жасалып отыр, - дейді жобаны ұйымдастырушы, Медорталық ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев. 

Оның айтуынша, медициналық дәріс аптасына бір мәрте өткізіледі. Нәтижесінде жас мамандарға теориялық тұрғыда білімін жетілдіруге, үйренгенін тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік арта түседі.