Басты бетҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті

ҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті

ҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті ҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті ҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті ҚР Президенті Іс басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында жиын өтті

 

Бүгін ҚР Президенті Іс басқармасында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы сақтау тақырыбында семинар өтті.

Алқалы жиынға Іс басқармасының орталық аппаратының, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы мен Медициналық орталығының қызметкерлері, ведомстволық қарасты ұйымдардың әдеп жөніндегі уәкілдері, бас тәлімгерлері мен комплаенс-офицерлері қатысты.

Басқосуда сөз алған ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі Ербол Адаев:

- Мемлекеттік қызмет атқару – қоғам мен мемлекет тарапынан жүктелген ерекше сенім әрі жауапкершілік. Өз кезінде, бұл мемлекеттік қызметшілердің қызмет әдебіне еркекше талап қояды, - дей келіп, Әдеп кодексінде жазылған талаптарды жұртшылық есіне салып өтті.

Іс басқармасының Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлнар Чикинаева жиынға арнайы шақырылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысы Мирас Қарғабайды қатысушыларға таныстырды.

Агенттік өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың талаптары туралы баяндап, жемқорлық фактілері мен оның белгілері, оған қарсы тұру жолдарын түсіндірді.

Мұндай жағдаймен бетпе-бет келген жағдайда қалай әрекет ету керектігін айтып, жиылғандарды оған көз жұма қарамауға шақырды.

Жиын соңында қатысушылар Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басқарма басшысына тақырыпқа қатысты түрлі сауалдарын қойып, жан-жақты жауап алды.