Басты бетБурабай көлдерінде балық аулуға қолайлы жағдай жасалды

Бурабай көлдерінде балық аулуға қолайлы жағдай жасалды

Қыс мезгілінде Бурабай көлдеріне балық аулуға бару үшін әуесқой балық аулаушыларға арнайы рұқсат – жолдама алу қажет, ол 5 кг балық аулауға мүмкіндік береді.



Еліміздегі әуесқой балық аулаушыларға қолданылатын қағидаларда рұқсатты тек қана қағаз тасымалында беру талап етілетін. Бүгінде, цифрлық технология заманында, ол белгілі бір қолайсыздықтар тудыратыны белгілі. Балықшылар қағидаларға өзгеріс енгізуге және жолдаманы онлайн сатуға рұқсат беру бастамасымен табиғат қорғау инспекторларына бірнеше рет өтінішпен жүгінген болатын.  
2022 жылғы 15 ақпаннан бастап балық аулуға жолдаманы үйден шықпай-ақ сатып алуға болады. 
«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі қорық көлдеріндегі балықты сақтау мен көбейту жөнінде үлкен жұмыс жүргізуде. Ол балық аулау үдерісінің ашық болуына және әуесқой балық аулаушыларға қолайлы жағдай жасауға мүдделі. 



Балықшылар мен табиғат қорғаушылардың мүдделерін қалай біріктіру туралы «Бурабай» МҰТП директоры Сергей Быков айтып береді.
- Сергей Васильевич, Бурабай көлдеріндегі балық санын сақтау мен көбейту жөнінде сіздің ұйымыңыз қандай жұмыс атқарып жатыр?
- «Бурабай» МҰТП-ның негізгі міндеттерінің бірі – жануарлар әлемін қорғау және қайта өсіру. Біздің ғалымдар ихтиофаунаны зерттеу бойынша бірқатар іс-шаралар өткізіп жатыр. Мысалы, ғылыми аулаудың көмегімен көлде қандай балықтың жүргенін және олардың қаншалықты көп екенін анықтайды.  
Рұқсат етілген аулауды анықтаудың арнайы әдістемесі бар – сол арқылы біз белгілі бір кезеңде көлден қанша балық аулауға болатынын есептейміз. 
Біздің ғылыми бөлім судың тереңдік деңгейі мен химиялық талдауын жасап, судағы әртүрлі заттектер санын және ихтиофаунаның жайлы өмір сүруі мен тіршілік етуі үшін судың сапасын анықтайды.
Біз, сонымен қатар көлді жас балықпен толтыру жұмысымен де айналысамыз.  
- Ол қалай жүзеге асырылады?
- Бұл үдеріс «балық жіберу» деп аталады. Оған дайындық күзде басталады. Біздің қызметкерлер уылдырық шашатын маусымда сиг балықтарын аулайды да, кейін тәлімбақта инкубациялау үшін  уылдырықты жинайды.
Уылдырықты колбада сақтайды, содан соң қараша мен наурыз аралығында шабақ өсіру үдерісі жүреді. Сәуірден бастап шабақтарды көлге жібереді.  
Бұл өте қызықты әрі күрделі үдеріс. Шабақтарды желдің бағытымен және міндетті түрде көлдің терең жеріне жіберу қажет. Осылайша даралардың көп бөлігі сақталады. Шабақтар табиғаттағы өмірінің бірінші айында судың метрлік қабатында планктонмен қоректеніп тіршілік етеді.   
- Шабақтар қандай көлдерде тіршілік етеді?
- Ол көлдер балықшыларға кеңінен таныс – олар Щучье, Бурабай, Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Жөкей, Қатаркөл. 
- Көлдердегі балық санын бақылау не үшін маңызды, түсіндіріңізші?
- Ол су қоймалары экожүйесінің теңгерімі үшін маңызды. Балықтарға су, ауа, азық жетуі тиіс. Көл суының жай-күйі балық санына байланысты болады.    
- Демек, балықты аулау қажет қой?
- Әрине. Балықты аулау су қоймаларының ихтиофаунасына үлкен әсер етеді, яғни балық популяциясы сирейді, соның салдарынан шабақтардың қоректену шарты мен ихтиофаунаның қалған бөлігі өзгереді, бұл су қоймаларының экологиялық жай-күйіне оң ықпал етеді.  
- Балық аулауға жолдама саны қалай есептеледі? Көлден қанша балық аулауға рұқсат етілетінін қалай түсінеміз? 
- Ғалымдар қолданатын белгілі бір әдістеме бар. «Бурабай» МҰТП Балық шаруашылығының ғылыми-өндірістік орталығымен бірлесіп, аулауға рұқсат етілетін шекті айқындау үшін жыл сайын биологиялық негіздеме әзірлейді. Содан кейін бұл құжат мемлекеттік экологиялық сараптамадан өтеді. Сарапшылардан оң қорытынды алынған соң Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің бұйрығымен балық алуға лимит белгіленеді.  
Одан кейін ұлттық парк жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін бюджетке төлем жүргізіп, жолдаманы іске асыруды бастайды. 
Биыл балық аулауға берілген рұқсат саны 49000 дананы құрайды.  
-  Балықшылар жолдаманы онлайн-сатуды енгізу өтінішімен сіздерге бірнеше рет жария түрде жүгінген болатын. Бұл мәселе неге ұзақ уақыт шешімін таппады? 
- Біз бұл бастаманы әуел бастан қолдағанбыз. Өкінішке қарай, бұны бір ғана МҰТП директорының шешімімен орындау мүмкін емес еді. Біз заңнаманы қатаң сақтауға міндеттіміз. Одан бөлек, біздің қызметіміздің бірі – ол заңдардың сақталуын бақылау. 
Қағидалардың талабы бойынша жолдамалар тек қана қағаз тасымалында болды. Бірақ қазіргі кезде қағаздың қолайсыз екенін біз де түсінеміз. Цифрлық технологиялар үдерістерді автоматтандыруға, оларды ашығырақ етуге мүмкіндік береді. 
Сондықтан 2021 жылғы мамырда «Бурабай» МҰТП Қағиадаларға спорттық (әуесқой) балық аулауды енгізу мен өзгерту бойынша бастама көтерді. Біз бейінді ведомствоға хат жаздық. Содан кейін Қағидалар жобасын Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен келісу жүргізілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама нәтижесі алынды, НҚА қолданушыларының ашық онлайн-талқылауынан өтті, сараптамалық кеңестің қорытындысы берілді. Әрі қарай Қағидалар Әділет министрлігімен келісілді.    
Қазіргі кезде жолдаманы http://parkburabay.kz/ сайтынан сатып алып, өз демалысын алдын ала жоспарлауға болады.