ҚР Президенті Іс басқармасында мемлекеттік қызметке жаңадан келген азаматтардың ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаудан басталды.
Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінің қарсаңында ұйымдастырылған ресми жиында Зейнелқабиденов Аян Рысбекұлы мен Жұмағұл Жадыра Ерланқызы мемлекеттік қызметкерлердің қатарын толықтырды.
Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев оларды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
– Ел мүддесі жолында адалдық пен әділдіктің үлгісін көрсетіп, мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосасыздар деп сенемін!- деді аппарат басшысы.
Салтанатты жиында сөз алған орталық аппараттың бөлім меңгерушілері де ант беру рәсімінен өткен жаңа әріптестеріне табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.