Басты бетСағын Бекбол "Бурабай-Даму" ЖШС басшысы болып тағайындалды

Сағын Бекбол "Бурабай-Даму" ЖШС басшысы болып тағайындалды

ҚР Президенті Іс басқарушысының бұйрығымен Сағын Бекбол Ұбайдоллаұлы "Бурабай-Даму"  ЖШС бас директоры қызметіне тағайындалды.

Бекбол Сағын 1972 жылы 13 қазанда дүниеге келген. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "заңгер" мамандығы бойынша, Қазақ инженерлік-техникалық университетін "экономист" мамандығы бойынша бітірген. Экономика ғылымдарының магистрі.

Әр жылдары Ақтөбе облыстық салық комитетінде түрлі қызмет атқарды, қаржы басқармасын, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасын басқарды, Астана қаласы "Алматы" ауданының әкімі, Ақтөбе қаласының әкімі болды.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР ПІБ Медициналық орталығы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы директорының орынбасары қызметін атқарып келді.