Басты бетҚР ПІБ Медорталығының Батыс Қазақстан облысында күндері өтті

ҚР ПІБ Медорталығының Батыс Қазақстан облысында күндері өтті

ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті ҚР ПІБ  Медорталығының  Батыс Қазақстан облысында  күндері өтті

Қазақстан Республикасы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының дәрігерлері мен мамандары Оралда болған төрт күн ішінде 37 күрделі ота жасап, 431 кеңес беріп, 722 қатысушыны қамтыған 30 баяндама мен дәріс ұйымдастырды.
 
2023 жылдан бастап Медициналық орталық өткізетін медициналық науқан Батыс Қазақстан облысында 27 мамырдан 30 мамырға дейін жалғасын тапты. Ауқымды шара осымен 12-ші өңірде өткізілді.

30-дан астам жоғары білікті дәрігерлер мен жүйе мамандарымен келген делегация таңнан кешке дейін Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына медициналық көмек көрсетті. Медициналық орталықтың мамандарына жүгінгендердің басым бөлігі су тасқынынан зардап шеккен тұрғындар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлері. ҚР ПІБ МО ауруханаларының дәрігерлері аталған өңірде бұрын-соңды жасалмаған бірқатар бірегей операцияларды сәтті жасады.

Сондай-ақ, ҚР ПІБ МО Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының қызметкерлері бизнес өкілдеріне халықаралық тәжірибені пайдалана отырып, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылық пен тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы зертханалық зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша оқыту іс-шараларын өткізді. Нәтижесінде тренингке қатысушылар, соның ішінде облыстағы медицина қызметкерлері кәсіби деңгейлерін арттырды.

Өңірдегі денсаулық сақтау саласындағы ауқымды іс-шараның қорытындысы бойынша ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығы Батыс Қазақстан облысының әкімдігімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Бұл денсаулық сақтауды одан әрі дамытуға жаңа серпін берері анық, сондай-ақ келісім нәтижесінде Медициналық орталықтың дәрігерлері мен мамандарының өңірдегі жұмысы жүйелі негізде жалғастырылатын болады.