Басты бетБалдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия

Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия

Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия Балдырғандардың қиялына қанат бітірген экскурсия

Балалардың кішкентайынан көріп, көңіліне түйіп өскен рухани мұралары олардың дүниетанымын кеңейтіп, болашақ өміріне азық болары хақ. Халықаралық Балалар құқын қорғау күніне орай, ҚР Президентінің Іс басқармасы мен қарасты ұйымдары жұмыскерлерінің балалары Президенттік орталық музейіне арнайы экскурсия жасады. 

Музей қызметкерлері кішкентай қонақтарды қарсы алып, бірнеше топқа бөліп, қызықты жәдігерлермен таныстырды. 
Халқымыздың ерлікке толы тарихы, тұлғаларымыздың талайлы тағдыры, еліміздің әсем табиғаты, жан-жануарлар әлемі туралы көрнекі деректер бүлдіршіндерге ерекше қызық болғаны олардың бал-бұл болған жүздерінен көрініп тұрды. 

– Біздің музейге оқушылар жиі келеді. Олар үшін мектеп партасында тарих пәнінен алған білімдерін мұражайдағы көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын мұрағат жәдігерлері арқылы бекіте түсу өте маңызды, – дейді музей қызметкері Несіпбай Асқар.

Экскурсия аясында балдырғандар Ақсу қаласындағы Балалар өнер мектебі оқушыларының «Өзгерістер толқыны» атты көрмесін тамашалады.  Астана қаласы балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубымен бірлесіп өткізген көрмеге балғын қылқалам шеберлерінің 40-тан астам жұмысы қойылды. Бұл туындыларда жасөспірім суретшілер қоршаған әлемге деген көзқарасын, туған өлкенің тарихы мен салт-дәстүріне деген сүйіспеншілігін көрсетуге тырысқан. 

ҚР ПІБ Президенттік орталығының коллекциясындағы экспонаттар қойылған «Жануарлар әлемі» атты тақырыптық көрме балалар ғана емес, ересектердің де назарын көңілінен шыққаны байқалды. Олар қоршаған орта, жан-жануарлар әлемі туралы маңызды мағлұматтармен сусындады.