ҚР ПІБ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығы ұйымдастырған баспасөз сапары аясында БАҚ өкілдері мекеменің озық зертханалық құрылғыларының жұмысымен танысты.
Бұл Орталық су, ауа, топырақ сынды қоршаған орта объектілеріне, тауарлар мен оларды қаптайтын материалдарға, тамақ өнімдеріне бактериологиялық, молекулалық-генетикалық, паразитологиялық, санитарлық-химиялық және токсикологиялық талдау жасайтын зертханалық құрылғылармен жабдықталған. Халықаралық стандарттарға сай бірегей құрылғылар сараптаманы тез әрі дәл жүргізуге жол ашып отыр.
БАҚ өкілдерін қарсы алған ҚР ПІБ Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының директоры Сәуле Шәріпова:
- Біздің Орталықтың негізгі міндеті - кешенді санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу, адам денсаулығына әсер ететін гигиеналық факторлардың өзара байланысын бағалау. Зертханадағы талдау нәтижелері халықтың денсаулығына қолайсыз факторлардың әсерін және санитарлық-эпидемиологиялық шараларды анықтауға көмектеседі. Орталықтың ерекшелігі – зертханалық зерттеулердің басым бөлігінің заманауи жабдықтармен автоматты түрде жүзеге асырылуында. Бұл соңғы әдістерді қолдануға, сөйтіп жылдам әрі дәл сараптама жасауға мүмкіндік береді, - деп атап өтті.
СЭСО мамандары отандық нарыққа тауар жеткізетін бизнес өкілдеріне арналған санитариялық-эпидемиологиялық шеберлік сабақтары тұрақты түрде өткізіліп тұратынын да атап өткен жөн.
Баспасөз сапары туралы БАҚ-тарда жарияланған ақпараттармен мына сілтемелер арқылы толығырақ танысуға болады:
https://kaz.inform.kz/news/shp-zhurgen-asimiz-sapali-ma-zerthana-ortaliginan-reportazh-9287fa/