Басты бетМедорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр

Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр

Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр Медорталықтың БҚО-дағы күндері өтіп жатыр

Кеше ҚР ПІБ Медициналық орталығының Батыс Қазақстан облысындағы күндері басталды.  Орталық дәрігерлері мен басқа да мамандар өңір тұрғындарына, жергілікті Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне практикалық және консультациялық көмек көрсетіп жатыр. 

Медорталық дәрігерлері дүйсенбі күні облыс ауруханаларында 18 күрделі операция жасап, 203 пациентке консультация берді. Біліктілікті арттыру мақсатында жергілікті әріптестеріне 12 презентация мен шеберлік сабақтарын өткізді.

Медорталықтың Батыс өңірдегі күндері 30 мамырға дейін жалғасатынын айта кетейік. Делегация құрамына білікті нейрохирург, кардиолог, аллерголог, эпилептолог, уролог, гинеколог, онколог, эндокринологтар бар. Сондай-ақ

Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешенінің мамандары да қосылды. 

Аталған іс-шараның мақсаты – өңір халқына медициналық және диагностикалық көмек көрсету, сауықтыру саласында тәжірибе алмасу,  сондай-ақ облыстың медициналық мекемелерімен ғылыми-клиникалық ынтымақтастықты кеңейту екенін айта кетейік.