ҚР Президенті Іс басқарушысының бұйрығымен Серік Бақтияр ҚР ПІБ Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Серік Бақтияр 1985 жылы 21 маусымда Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданында дүниеге келген. 2007 жылы ҚР Ішкі істер министрлігінің Қарағанды заң институтын, 2010 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын тәмамдаған.
Әр жылдары Қарағанды облысы әкімінің аппаратында, Үкімет аппаратында және ҚР Президенті Әкімшілігінде жұмыс істеді.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.