ҚР Президентінің Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институты мен Парламент Мәжілісімен бірлесіп, биыл 32 заң жобасын әзірлеуді көздеп отыр. Бұл туралы Парламентаризм институтының директоры Қанатбек Сафинов zakon.kz сайтына берген сұхбатында баяндады.
— Үкіметтің 2023 жылға арналған заңнамалық жұмыс жоспарында 27 құжат көзделсе, биыл 18 құжат әзірлеу қарастырылған. Бұл ретте Мәжіліс пен Парламентаризм институтының бірлескен жұмыс жоспарында 32 заң жобасын әзірлеу жоспарланып отыр. Мәжіліс пен Сенат депутаттары дербес жұмыс істейтін басқа да нормативтік құқықтық актілер бар, - деп атап өтті ол.
Қанатбек Сафинов айтқандай, Парламентаризм институтының басты рөлі Парламент қызметін кешенді заңнамалық және талдамалық қамтамасыз етуге бағытталған. Институт депутаттар мен парламенттік құрылымдардың жұмысына кәсіби көмек көрсетеді.
Сұхбатта Парламентаризм институтының басшысы заң шығару процесіне жасанды интеллект саласында қандай бастамалар енгізу жоспарланып отырғанына да кеңірек тоқталды.
Сұхбаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады:
https://online.zakon.kz/m/document/?doc_id=37123387