Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан  Республикасы Президенті Іс басқармасының қаржы-экономикалық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, В-2 санаты

Функционалдық міндеттері:

Құрылымдық бөлімшелермен, ведомстволармен және ведомстволық қарасты ұйымдармен бірлесіп Президент Іс басқармасының міндеттерін орындауға байланысты орта мерзімді кезеңге республикалық бюджет шығыстарының көлемін қалыптастыруды қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобалар мен бюджеттік инвестициялық бағдарламалардың тізбесін, республикалық бюджеттен бөлінетін мақсатты трансферттердің тізбесін құруды қамтамасыз етуге, бюджеттік инвестициялық жобаларды іріктеуді жүзеге асыруға, бюджеттік тапсырыс бойынша тиісті қорытындыларды дайындауды және оларды құрылымдық бөлімшелерге келісуге жеткізуді, Президент Іс басқармасының бюджеттік комиссиясында бюджеттік тапсырысқа қорытындыларды қарауды қамтамасыз етуге, мақсатты трансферттер бойынша нәтижелер туралы келісімді әзірлеуді қамтамасыз етуге, бюджеттік бағдарламаларға жүргізілген мониторинг пен олардың орындалуы жөнінде есептіліктердің уақтылы және сапалы ұсынылуын қамтамасыз етуге, республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына және оларға мониторинг жүргізуге әдістемелік басшылық ету мен бақылауды жүзеге асыруға, төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарын қалыптастыруды, сондай-ақ бекітілген жоспарларға өзгерістер енгізуді, олардың орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге, Президент Іс басқармасының штат кестесін бекіту үшін оны дайындауға қатысуға, ақылы қызметтер көрсету үшін кірістер мен шығыстар сметасын бекітуді қамтамасыз етуге, Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдарға түсіндірме мен кеңес беруге, талдамалық анықтамаларды, ақпаратты, бюджеттік қаржыландыру секторы мен экономикалық талдау секторының құзыретіне кіретін өзге де құжаттарды дайындауды ұйымдастыруға, қызмет көрсетілетін тұлғалардың қызметін қамтамасыз етуге қатысты экономикалық мәселелер бойынша заңнамалық және нормативтік құжаттардың жобаларын дайындауды қамтамасыз етуге, Президент Іс басқармасының орташа кезеңге арналған перспективалық жұмыс жоспарының әзірлеуді және бекітуге дайындауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының, даму жоспарлары түзетулерінің және олардың орындалуы жөніндегі есептердің жобаларын қарау мен бекітуге (келісуге) дайындауды қамтамасыз етуге, есепті кезеңде ведомстволық қарасты ұйымдардың даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізу мен оны бағалауны дайындауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржылық көрсеткіштеріне мониторинг жүргізуді ұйымдастыруға қатысуға, ведомстволық қарасты ұйымдардың тарифтерін келісуге қатысуға, ведомстволық қарасты ұйымдарға экономикалық талдау жүргізуді жүзеге асыруға және оларды тиімді басқару жөнінде ұсыныстар әзірлеуге, экономикалық қызмет мәселелері бойынша, сондай-ақ қаржылық пен есепке алу тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларға әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асыруға, ведомстволық қарасты ұйымдар қызметінің тиімділігін бағалауды қамтамасыз етуге, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржылық көрсеткіштеріне талдау мен мониторинг жүргізуді, ведомстволық қарасты ұйымдардың қаржы қаражатын жоспарлау сапасы мен пайдалану тиімділігін бағалауды бақылауға, жетекшілік ететін мәселелер бойынша ведомстволық қарасты ұйымдардың тапсырмаларды уақтылы және сапалы орындауын бақылауға, Бөлім меңгерушісі болмағанда, белгіленген тәртіпен оның міндетін атқаруға міндетті, экономикалық талдау мен бюджеттік қаржыландыру секторларының жұмысын бақылауға, нормативтік құжаттардың талаптарын зерделеуді, қорытуды және ведомстволық қарасты ұйымдарға жеткізуді ұйымдастыруға, нормативтік құжаттардың талаптарын зерделеуді, қорытуды және ведомстволық қарасты ұйымдарға жеткізуді ұйымдастыруға

Орташа лауазымдық жалақысы: 680 331

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

         Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика,  менеджмент, есеп және аудит, қаржы, әлемдік экономика

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

В-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына (Қазақстан Республикасы Парламенті палаталары аппараттарының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты аппаратының, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің лауазымдарын қоспағанда) мынадай талаптар белгіленеді:

      жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

      жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

      1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, С-3, С-О-2, D-3, D-O-2, Е-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда жұмыс өтілі бір жылдан кем емес;

      2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде орталық не облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер немесе әскери оқу орындарының әскери басқару органының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

      3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда алты жылдан кем емес жұмыс өтілі егер орта, ірі кәсіпкерлік субъектілерінде, квазимемлекеттік секторда, халықаралық, шетелдік, трансұлттық ұйымдарда немесе шетелдік мемлекеттік құрылымдардың басшылық лауазымдарында жұмыс өтілі үш жылдан кем емес болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Әңгімелесу өткізу орны мен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.