Басты бетМедорталық ауруханасында онкологиялық ауруларды емдеудің балама тәсілі енгізіледі

Медорталық ауруханасында онкологиялық ауруларды емдеудің балама тәсілі енгізіледі

Медорталық ауруханасында онкологиялық ауруларды емдеудің балама тәсілі енгізіледі Медорталық ауруханасында онкологиялық ауруларды емдеудің балама тәсілі енгізіледі

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасында «Қазақстандағы тераностика: жол басы» атты ядролық медицина мәселелеріне арналған ғылыми-қолданбалы конференция өтті.

Алқалы жиында аурухана директоры Рустам Албаев сөз алып, конференцияның маңызына жан-жақты тоқталып өтті. 
Ресейден келген, Қазақстанның әр өңірінен жиналған 12 сарапшы баяндама жасады.

Іс-шараға сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты Айнұр Арғынбекова, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген қайраткер, академик Раушан Рақымжанова, Алматы мен Семей қалаларынан келген дәрігерлер мен резиденттер қатысты. 
Ядролық медицина саласындағы жетекші мамандар мен ғалымдары Қазақстанда радиология қалай дамып жатқанына тоқталып, шет мемлекеттердің тәжірибесін тілге тиек етті. Сондай-ақ олар тераностикаға арналған радиофармацевтикалық препараттарды өндіру технологияларын дамыту, тераностикада қолдануға арналған ядролық медицина әдістерінің мүмкіндіктері, радиойодтерапияға қатысты мәселелерді талқылады.
Конференция аясында ТМД ядролық медицинасының жетекші радиолог-дәрігерлері, радиохимиктер мен циклотрон инженер-физиктеріне 3 ағымдық шеберлік сағаты өтті. 
Аурухана жанындағы Ядролық медицина орталығының басшысы әрі осы конференцияны ұйымдастырушы Айгүл Садуақасова елімізде онкологиялық ауруларды емдеудің балама тәсілін аурухана базасына енгізу жоспарланғанын жеткізді. 

- Тераностика – «терапия» және «диагностика» сөздерінің бірігуінен пайда болған термин. Ол диагностика жасап қана қоймай, емдеумен де айналысатын ядролық медицина саласы. Қазақстанда ядролық медицинаның терапевтік қызметі енді ғана дамып келе жатыр. Сол себепті еліміз үшін бұл аса өзекті тақырып және осы саланы дамыту үшін осындай конференцияларды өткізудің маңызы зор. Қазір біздің орталықта 6 түрлі радиофармпрепарат шығарылады. Орталықты дамыта отырып, терапевтік корпус ашу да жоспарланған. Ол ашылса аурухана базасында толыққанды тераностика орталығы болады. Осылайша қазақстандықтарда онкологиялық ауруларды емдеуде химия, терапия, сәулелік терапия, хирургиялық жолмен жасалатын терапияға өте тиімді балама тәсіл пайда болмақ, - дейді Айгүл Садуақасова.

Айта кетейік, Конференция GE Healthcare компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.