Басты бетПрезиденттік орталық музейінде ашық есік күні өтті

Президенттік орталық музейінде ашық есік күні өтті

Президенттік орталық музейінде ашық есік күні өтті Президенттік орталық музейінде ашық есік күні өтті Президенттік орталық музейінде ашық есік күні өтті

Халықаралық музей күні 1977 жылдан бері бүкіл әлемде 18 мамырда атап өтіледі. Бұл күні музейлер жұртшылыққа есігін айқара ашатын дәстүр бар. ҚР ПІБ Президенттік орталығы да атаулы күнге орай, «Музейге саяхат...» ашық есік күні өтті.   

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әскери колледждің ұландары музейге келіп, еліміздің мәдени және саяси мұрасымен, отандық тарихтың ерлікке толы тарихымен танысты.  

Болашақ әскерилерге арнап, музей сабақтары мен тақырыптық экскурсиялар ұйымдастырылды. Тыңдаушыларды қызықтыра түсу үшін музей қорынан қызықты экспонаттар шығарылады. Мұнда жәдігерлер тек иллюстрация ретінде ғана емес, сондай-ақ зерттеу нысаны ретінде де қолданылады. 

Музейдің интерактив залында өткен «Қазақтың музыка өнері» сабағында ұландар қобыз, домбыра, жетігеннің аспаптарының тарихымен танысып, оның ерекшеліктері туралы көптеген қызықты деректерге қанықты. Халқымыздың атақты композиторлары мен өнер майталмандарының өмірі, шығармашылық мұрасы туралы мол мағлұмат алды. 
«Қазақстан әлемдік қауымдастықта» музей залында «Батырлар институты: дәстүрлер, мәртебе және қару-жарақ» сабағы өтіп, онда  тыңдаушылар қару сыйлау дәстүрі, оның тарихы мен ерекшеліктері туралы ақпарат алды, қару-жарақ топтамаларын тамашалады. «Музей дәріскері оларға батырдың бес қаруы және жалпы батырлық институты туралы тарқатып айтты. 

Іс-шара соңында қонақтарға Отан қорғаушылар күніне, Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күніне және Р.Қошқарбаев пен С.Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған «Атыс қаруы: тапанша тарихы» қор көрмесін тамашалады. 

– Музей маған қатты ұнады. Кей қаруларды өз қолфымызбен ұстап көріп, тарихын біліп, сол замандағы батырларға тән күш-қуат пен мызғымас рухты бірден сезесің. Қазақстанның алғашқы Қорғаныс министрі болған Сағадат Қожахметұлының қызметіне қатысты мұрағаттық құжаттарды көру біз үшін үлкен мәртебе, себебі біздің оқу орнымыз бұл атақты тұлғаның есімімен аталады», - дейді әскери колледждің 3-ші ротасының ұланы Даниял Қуанышев.