ҚР Президентінің Іс басқармасының Медициналық Орталығына қарасты «Almaty Resort» шипажайына жыл сайын кем дегенде 2000 адам неврология патологиясы бойынша қаралады. Бұл туралы бүгін arasha.kz порталында жарияланған мақалада шипажайдың невропатолог дәрігер Раушан Қажиева айтты.
Тек биылғы қаңтар мен наурыз аралығында 337 адам жүйке жүйесін қалпына келтіру курсынан өтіп, оңалып шыққан.
40 жылдық еңбек өтілі бар тәжірибелі маман келушілердің диагнозы толық зерттелген соң әрқайсысына жеке-жеке арнайы бағдарлама құрылып, дербес ем-дом жасалатынын жеткізді. Дертінің ауыр-жеңілдігіне қарай шипажайдың оңалту бағдарламасы бойынша табиғатпен емдеу немесе терренкур тағайындалады.
–аудың саф ауасы иммундық жүйедегі жасуша – фагоциттерді белсендіреді. Жүрек пен қантамыр белсенді жұмыс істеген кезде иммуноглобин синтезі жоғарылап, ағза мен мидың жұмысы нығаяды. Бұдан бөлек, рефлексотерапия және артромат, бальнеоемдеу (әртүрлі ванна және емдеу душтары), электрмен емдеу, массаж, жылумен емдеу (балшық аппликациясы және фангопарафин) және жалпы денсаулықты жақсарту кешендері (галокамера, ингаляция, сутек коктейлі, фитотерапия, т.б), минералды суды ішу (жергілікті қайнар), сонымен қатар көрсетілім бойынша медикамонтозды емделуге болады. Қажет болса, психологтан кеңес аласыз, - дейді дәрігер.
Оның айтуынша, көбіне-көп жүйке ауруы адамның жасы мен жынысына емес, өмір сүру дағдысына, ағзаға зиянды теріс әдеттерге жақындығына байланысты туындайды. Сондықтан не істеп, не қойып жүргеніңізге көбірек мән беру арқылы алдын алуға болады.
Раушан Қажиева айтқандай, халық «Almaty Resort» шипажайын «Денсаулық сарайы» деп жүргшені бекер емес. Мұнда жүйкені қалпына келтіруге қажетті әсем табиғат, таза ауа, минералды су, шипалы балшық және өз ісін білетін кәсіби дәрігер мамандар бар.