Басты бетЗаң шығару процесіне жасанды интеллект араласады. Аңыз ба, ақиқат па?

Заң шығару процесіне жасанды интеллект араласады. Аңыз ба, ақиқат па?

Заң шығару процесіне жасанды интеллект араласады. Аңыз ба, ақиқат па?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында цифрландырудың стратегиялық маңызына тоқталып, жасанды интеллект технологиясын енгізу арқылы IT саласындағы жетекші елге айналу мақсатын алға қойған болатын.

Президент ғылыми-техникалық прогрестің жаһандық экономика мен өмір салтын қарқынды түрде өзгертіп жатқанын, еліміздің технологиялық, ғылыми және инновациялық әлеуетін арттыру үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланудың маңызын атап өткен еді.  

Бұл бастама бірқатар нақты мемлекеттік бағдарламаларда жалғасын тапты. Айталық, Үкіметте бекітілген «Жасанды интеллектіні дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» жасанды интеллектіні енгізу барысындағы қазіргі жағдай мен оның бағыттары егжей-тегжейлі сипатталған. Құжатты әзірлеушілердің пікірінше, Тұжырымдаманы жүзеге асыру арқылы 2025 жылға қарай суперкомпьютер іске қосылады, ал 2029 жылға қарай ЖИ пайдаланылатын мемлекеттік қызметтердің үлесі 20%-ға дейін арттуға тиіс. Бұл межелер мемлекеттік қызметтің басқа салаларын цифрландыруға негізделген жұмыстармен тікелей байланысты.

Осы орайда, жасанды интеллектіні енгізу стратегиясына Президент Іс басқармасы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының мамандары белсене атсалысып келе жатқанын атап өткен жөн. Мәселен, бұл мекемеге қарасты Парламентаризм институтының мамандары Парламенттің қызметін цифрландыруға күш салып отыр. Бұл бағыттағы жұмыс бизнес-процестерді реинжинирингтеу, сондай-ақ E-Parlament платформасын құру мен оны мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесімен интеграциялауға негізделген. 

Жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолданудың заң шығарушы орган жұмысына қандай тиімділігі бар? Ол құжаттарды өз бетінше әзірлей ала ма? Заң жобаларына сараптама жүргізудің, қабылдаудың құқықтық һәм әлеуметтік-экономикалық салдарын болжауға әлеуеті жете ме? ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Парламентаризм институты Жария заңнама және мемлекеттік басқару орталығының бастығы, PhD докторы Шолпан Сайымова «ҚазАқпарат» агенттігінде жарияланған мақалада осы туралы жан-жақты баяндап берді. 
Мақаланың толық мәтінін осы жерден оқуға болады. 

https://www.inform.kz/ru/iskusstvenniy-intellekt-budet-razrabativat-zakoni-v-kazahstane-mif-ili-realnost-0c1f49