Басты бетПарламентаризм институты жол қозғалысына қатысты заң жобасына сараптамалық қорытынды жасады

Парламентаризм институты жол қозғалысына қатысты заң жобасына сараптамалық қорытынды жасады

Парламентаризм институты жол қозғалысына қатысты заң жобасына сараптамалық қорытынды жасады

Электронды көлік түрінің көбейгеніне байланысты елімізде жол қозғалысы ережесіне өзгеріс енгізу мәселесінің өзектілігі артып келеді. Осыған орай, ҚР ПІБ жанындағы Парламентаризм институты тиісті заңға өзгеріс енгізу мәселесі бойынша сараптамалық қорытынды әзірледі. 

Парламентаризм институтының Заңнамалық актілер мониторингі және құқықтық талдау орталығының сараптамалық қорытындысы нәтижесінде бірқатар ұсыныс енгізу ұсынылып отыр. 

Атап айтқанда, тиісті құжат аясында «Орташа жылдамдық» және «максимал жылдамдық» ұғымдары енгізілуі мүмкін. 

Сондай-ақ, мотоцикл немесе мопедті бір дөңгелекпен жүргізуге, рульді ең болмаса бір қолмен ұстамай жүруге, кәмелетке толмаған адамды мопед немесе мотоциклдің артқы орындығына мінгізіп тасуға тыйым салу ұсынылмақ. Бұл көліктердің жаяу жүргіншілер жолымен, велоспиедтерге арналған жолақпен, жолдың жиегімен жүруіне де рұқсат берілмеуі ықтимал. 

Тағы бір айта кетерлігі, сарапшылар алкогольді ішімдік ішкен, наркологиялық немесе токсикологиялық мас күйінде ереже бұзғандар 7 жылға дейін көлік жүргізуге емтихан тапсыра алмайды деген норма енгізілуі қажет деп санайды. 
Парламентаризм институтының мамандары заң жобасында мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған скутерлер мен мопедтерде отыратын орынның болуын міндеттеу керек деген пікірде. 

Сарапшылардың пайымдауынша, электр самокаттар мен мопедтердің қоғамдық орындардағы қозғалысын реттеу арқылы ғана азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.