ҚР Президентінің Іс басқармасына қарасты Президенттік орталықта «Атыс қаруы: тапанша тарихы» атты көрме ашылды.
Жәдігерлердің басым бөлігі осы Орталық қорындағы атыс қаруларынан құралған іс-шара Отан қорғаушы күні мен, Жеңіс күні қарсаңында, ІІ Дүниежүзілік соғыстың қаһармандары Рақымжан Қошқарбаев пен Сағадат Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына ұйымдастырылып отыр.
Президенттік орталық директоры Бақытжан Темірболат атап өткендей, көрменің мақсаты – патриоттық тәрбие беру және еліміздің тарихына деген қызығушылықты күшейту.
Көрмеге барлығы 80 экспонат қойылған, оның 30-ы атыс қаруы,
Жұртшылық назарына ІІ Жаһан соғысы батырларының ерлігінен сыр шерттетін материалдар ұсынылып отыр. Сондай-ақ, егемен еліміздің Қарулы күштерінің қалыптасу тарихын суреттейтін жәдігерлер де бар.
Көрмеге келушілер үшін Орталықтың есігі 30 мамырға дейін айқара ашық.