Басты бетМыңжылқы Бердіқожаев Қырғызстандағы халықаралық конференцияда тәжірибесімен бөлісті

Мыңжылқы Бердіқожаев Қырғызстандағы халықаралық конференцияда тәжірибесімен бөлісті

Мыңжылқы Бердіқожаев Қырғызстандағы халықаралық конференцияда тәжірибесімен бөлісті

ҚР ПІБ Медициналық орталығы ауруханасы директорының хирургия бойынша орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев Ыстықкөлде нейрохирургтердің халықаралық конференциясына қатысып, дәріс оқыды. 

Екі күнге созылған жиында Орта Азия елдерінің жетекші нейрохирург, интервенциялық нейрорадиолог, невропатолог, эндоваскулярлық хирургтері аневризма, атеросклероз және түрлі патологиялар мен оларды емдеу туралы тәжірибелерін ортаға салып, өзара пікір алмасты. Мыңжылқы Бердіқожаевтың «Церебральды аневризманы эндоваскулярлық емдеу» тақырыбында оқыған баяндамасы, Қазақстанның клиникаларында қолданылатын тәсілдер туралы баяндауы шетелдік әріптестерінің тарапынан қызығушылық тудырғанын айта кетейік.

Конференцияда церебральды аневризмасы бар, артериовенозды дертке шалдыққан науқастарды емдеу үшін маңызды клиникалық зерттеулер мен дәлелді медицинаның нәтижелерін қолдану, жаңа интервенциялық технологияларды енгізу, диагностикалық бағалау мен терапиядағы жетістіктерді біріктіру дәне басқа да тақырыптар терең талқыланды. 
Халықаралық жиында сонымен қатар, заманауи емдеу әдістері мен клиникалық зерттеулер саласындағы соңғы жетістіктер туралы ғылыми ақпаратпен алмасатын платформа құру мәселе талқыланды.