Медорталық ауруханасында жамбас пен тізе буындарына Stryker Mako роботтық жүйесімен ота жасалды.
Операцияны осы роботпен жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар Ресейдің Н.Н.Приоров атындағы Травматология және ортопедия ұлттық медициналық ғылыми орталығының тәжірибелі хирургы Алексей Шумский өткізді. Үш күнге арналған шеберлік сабағы барысында ҚР ПІБ Медорталығы ауруханасының Травматология бөлімінің дәрігерлері 6 операция жасады.
Stryker Mako роботтық жүйесі - травматология және ортопедия ғылымында дәл әрі тиімді операцияға көмектесетін озық технология. Бұл жүйе әсіресе жамбас және тізе буынына хирургиялық ем кезінде өте тиімді. Ол тізе мен жамбас буынының жалпы эндопротезін, тізе буынының оломондиль эндопротезін жасауға жол ашады.
Шеберлік сабағында инновациялық технологияны сынақтан өткізу арқылы роботтандырылған жүйенің мүмкіндіктері мен клиникалық артықшылықтары жан-жақты зерттелді.
Stryker Mako жүйесі арқылы хирургтер ота барысында манипуляциялардың дәлдігі артып, қателіктер мен асқыну қаупі азаяды. Нәтижесінде науқастардың тезірек қалпына келуіне мүмкіндік зор. Сондай-ақ бұл жүйе компьютерлік томографияның деректері негізінде операцияны әр пациенттің жеке ерекшеліктеріне қарай жоспарлауға көмектеседі.
Stryker Mako роботтандырылған жүйесі Медорталық ауруханасының хирургиясында сәтті тәжірибеге енгізіледі деп жоспарланып отыр.