Жуырда Медорталықтың «Қазақстан» шипажайында «Қант диабетін» емдейтін жаңа бағдарлама іске қосылды. Жаңа бағдарлама сондай-ақ эндокриндік жүйенің ауруларын, зат алмасудың бұзылуын емдеу үшін арнайы әзірленген.
Шипажай мамандарының айтуынша, жаңа тәсілдің артықшылығы - бальнеоклиматтық факторлардың (Ессентуки типіндегі минералды су пайдаланылады) және озық медициналық жабдықтардың үйлесімінде.
«Қант диабеті» бағдарламасына кіретін емдеу-диагностикалық процедуралар: қандағы қанттың төмендеуіне; инсулинді қолдау дозасын азайтуға; салмақты қалыпқа келтіруге; ағзаның күш-қуатын арттыруға; дерттің асқыну қаупінің төмендетуге; жалпы жағдайды жақсартуға; иммунитетті нығайтуға; ағзаның ауа-райына төзімділігін арттыруға ықпал етеді.
Бағдарламада ең аз мөлшерде май мен көмірсу бар емдік диеталық тамақтану қамтылған. Сондай-ақ, дозаланған физикалық белсенділік, емдік дене шынықтыру және терренкур ұсынылады. Жалпы, ҚР ПІБ қарасты «Қазақстан» шипажайы орналасқан Ессентуки қаласында пайдалы әрі жағымды демалысқа тамаша мүмкіндік бар екенін атап өткен жөн.
Мұнда білікті мамандар, эндокриндік жүйе ауруларының алдын-алу және емдеу тәсілдерін қолданады. Дұрыс тамақтану, әйгілі минералды су және Ессентукидің емдік терренкурлары денсаулықты қалпына келтіріп, көңіл-күйді көтереді.