Белгілі нейрохирург, Медорталық ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Бердіқожаев Қызылорда қаласындағы облыстық көпсалалы ауруханада шеберлік сабағын өткізді. Сондай-ақ, 54 жастағы науқастың ми тамырларына микроспираль орнатты.
Бұрын инсульт алған, ми тамырларының аневризмасы бар ер адам ауруханаға қайта түскен болатын. Нейрохирург оның миына қан құйылып кету қаупінің алдын алды.
- Мұндай оталарды шұғыл жағдайларда да, жоспарлы түрде де тегін жасаймыз. Операция құны Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының есебінен, - деді Мыңжылқы Бердіқожаев жергілікті БАҚ-тарға берген сұхбатында.