1 сәуірден бастап Совмин ауруханасында күндізгі стационардың кешкі емханасы жұмыс істейді.
Яғни, кешкі 18.00-ден 21.00-ге дейін жалпы тәжірибе дәрігеріне, гинекологқа, кардиологқа, невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог, эндокринолог, отоларинголог мамандарға жазылып, күндізгі стационарда емделуге болады.
Пациенттерді аурухананың үздік кардиологы, функционалдық диагностика дәрігер Дмитрий Стародубцев, уролог, андролог, Амитахун Әбдіманап, көпсалалы терапевт Әселхан Сәрсенова, эндокринолог, халықаралық медициналық қоғамдастықтардың мүшесі Әйгерім Мұздаева, невропатолог Вячеслав Прошин, отоларинголог Рамазан Гаджиев, операция жасайтын акушер-гинеколог Рамилям Зайнидинова, тәжірибелі УДЗ маманы Нұргүл Раисова, гастроэнтеролог Гүлдана Махатова, гепатолог, гастроэнтеролог Мөлдір Хажахмедова қабылдайды.
Қазіргі таңда жұртшылық күндіз жұмыста болып, дәрігерге қаралуға уақыт таппайтыны белгілі. Кешкі емхана осы олқылықтың орнын толтырып, халыққа барынша қолайлы жағдай жасау үшін қолға алынып отыр.
Сондай-ақ, 26 наурыздан бері «Совминканың» МРТ және КТ кабинеттері аптаның 7 күнінде тәулік бойы толассыз жұмыс істей бастағанын айта кетейік.
Халықаралық JCI талаптарына сай ең заманауи құрал-жабдықтармен жасалған зерттеулер сапалы, айқын әрі қауіпсіз саналады. Зерттеу нәтижесі 24 сағат ішінде шығарылады.