Медорталықтың ауруханасында нейрохирургиялық робот қолданылған екі операция жасалды. Ми ісігінің терең биопсиясы бойынша жасалған операцияны нейрохирургия бөлімшесінің жоғары санатты хирургы Талғат Ермеков басқарған команда жүргізді.
Ал қытайлық профессор, білікті нейрохирург Шан Юнчжи эпилепсия диагнозы қойылған науқасқа жасанды интеллект арқылы елімізде алғаш рет роботтың көмегімен операция жасады. Осылайша, қытайлық маман нейрохирургиялық роботты басқарудың ерекшеліктері мен артықшылықтарын тәжірибе жүзінде көрсетті. Халықаралық эпилепсия күні қарсаңында өткізілген екі операция да сәтті өтті.
Айта кету керек, жасанды интеллект роботымен жасалған операциялар бұл неврологиялық ауруды емдеуге және онымен күресуге серпін беретін инновациялық тәсіл.
Сонымен қатар, Медорталықтың ауруханасында қытайлық дәрігерлер «Операциялық нейрохирургиялық роботты пайдалану" тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Алдағы уақытта бұл шеберлік сабағы эпилепсиямен ауыратын науқастарды ҚР ПІБ МО ауруханасында ғана емес, өңірлердегі дәрігерлерге де емдеуде жаңа жол ашады деп жоспарлануда.