Басты бет«Бурабай» ұлттық паркінің территориясы ұлғайды

«Бурабай» ұлттық паркінің территориясы ұлғайды

«Бурабай» ұлттық паркінің территориясы ұлғайды

Үкімет қаулысы бойынша, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағы 186 гектарға жуық ұлғайды.

– Ақмола облысы Бурабай ауданы аумағындағы жалпы көлемі 185,88 гектар жер «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне  тұрақты пайдалануға берілсін, -делінген Үкіметтің 2024 жылғы 16 наурыздағы №192 қаулысында.

Осылайша, Бурабай ауданы территориясының бір бөлігі Ұлттық паркке қосылды. Құжат бойынша бұған дейін босалқы жерлер санатында болған аумақ ерекше қорғалатын табиғи территория санатына өтті. Сөйтіп, парк территориясы 129484,88 гектарға жетіп отыр.