Басты бетҚР ПІБ Парламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуді қолға алды

ҚР ПІБ Парламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуді қолға алды

ҚР ПІБ Парламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуді қолға алды ҚР ПІБ Парламентаризм институты «Жеке детективтік қызмет туралы» заң жобасын әзірлеуді қолға алды

Елордада Іс басқармасына қарасты Парламентаризм институты алаңында сарапшылардың және БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Кездесуде жеке детективтік қызметті заңнамалық тұрғыда реттеу мәселелері мен келешегі талқыланды.

– Детективтік қызмет адамдарға өзінің заңды мүдделерін қорғау жолын таңдау мүмкіндігін береді. Яғни, демократиялық қоғам мен тиімді нарықтық экономиканың қажетті элементі болып саналады - деп атап көрсетті тұжырымдаманы әзірлеушілер.

Олардың пайымдауынша, жеке детективтік қызмет туралы заң полиция мен детективтер арасындағы өзара бәсекелестік әсерін береді. Бұл қызметке жүгінуге ақы төлей алатын азаматтарды қорғау мүддесі үшін қылмысты тергеу сапасына ықпал етуі керек. Сонымен қатар, халықаралық деңгейде ұрланған қаражатты немесе адамдарды іздеу жеңілдейді. Бұған жеке детективтердің халықаралық ынтымақтастығы аясында қол жеткізуге болады. Дөңгелек үстелге шетелдік сарапшылар да шақырылып, жеке детективтік қызметті реттеу бойынша пайдалы тәжірибелерімен бөліскенін атап өткен жөн.

– Бұл заң мультипликативті нәтиже береді, - дейді Еуразия Ұлттық университетінің қылмыстық-құқық пәндер кафедрасының профессоры Арыстан АХПАНОВ.