Басты бетНаурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті

Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті

Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті Наурыз мейрамына орай тоғызқұмалақ жарысы өтті

Бүгін елордада ҚР Президенті Іс басқармасы мен ведомстволық қарасты ұйымдары қызметкерлерінің арасында тоғызқұмалақтан жарыс өтті.

Салауатты өмір салты мен белсенді демалысты насихаттау үшін жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі спартакиада аясындағы турнирде 10 команда бақ сынады. Ұлттық спорт түрінен бастау алған сайыс Іс басқармасының Наурыз тойына арналған ауқымды іс-шарасымен тұспа-тұс келді.  

Жарыстың ресми ашылу салтанатында сөз алған ҚР ПІБ аппаратының басшысы Серік Кенжебаев:

– Тоғызқұмалақ өте қызықты, терең ойды талап ететін, халқымыздың даналығын көрсететін ұлттық ойындарымыздың бірі. Қазір ол Республикамызда кең тарап, дамып келеді. Президент Іс басқармасының дәстүрлі спартакиадасы мемлекеттік мерекеміз – Наурыз тойынан басталып отырғанын да атап өткім келеді, - деді.

Қатысушылар мен көрермендерді Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаған аппарат басшысы сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Тартысты бәсекеде ҚР Президенті Іс басқармасы орталық аппараты, Медициналық орталық, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы, Президенттік орталық, ҚР Президентінің Әкімшілігі мен Үкіметінің әкімшілік ғимараттары дирекциясы, Автошаруашылық, «Бүркіт» авиакомпаниясы, Инженерлік-техникалық орталық, Президент Телерадиокешені сынды мекемелердің әрқайсынан 2 адамнан құралған 10 команда қатысты.

Сайыс нәтижесінде Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының командасы бас бәйгені жеңіп алды. Сержан Әуезхан мен Ақерке Әбдіхан жұбы қарсылас шақ келтірмей, ең жоғары ұпайға қол жеткізді.

Ерік Әбдірахманов пен Әділхан Ақдәулетов намысын қорғаған Медициналық орталық командасы екінші орынды иеленді. Жүлделі үшінші орын Алма Сағитжанқызы мен Әділ Сағымбеков ойнаған Президент Іс басқармасының командасына бұйырды.

Медициналық орталықтың қызметкері Ерік Әбдірахманов ерекше шеберлігімен көзше түсіп, «Үздік ойыншы» аталамын жеңіп алды. Президент Іс басқармасының қызметкері Алма Сағитжанқызы мен Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының маманы Ақерке Әбдіханқызының арасындағы тартысты кездесу «Үздік партия» аталымына лайық деп табылды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер тиісті кубоктармен және дипломдар марапатталды.

Іс-шара барысында спорт сайысы мен Наурыз тойын ұйымдастыруға белсене атсалысқан азаматтар мен мекемелердің де үлесі аталып өтілді. Турнирге төрелік еткен Мұрат Уажановқа, Ернар Мерешовке және Құндыз Есіркепке, Президенттік орталық пен «Астана-20» мекемелеріне ҚР ПІБ аппарат басшысының Алғыс хаттары тапсырылды.