Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конку...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 12-кіреберіс, анықтама телефоны: 8 (7172) 741503, факс: 741892, e-mail: konkurs@udp-rk.kz, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан  Республикасы Президенті Іс басқармасы ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлімінің бас инспекторы, В-3 санаты

Функционалдық міндеттері:

Ведомстволар мен ведомстволық қарасты ұйымдарда энергияны үнемдеу және энергия ресурстары мен суды пайдалануда энергия тиімділігін арттыру, өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау талаптарын сақтау, сондай-ақ объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы мәселелері бойынша үйлестіру және жұмысын ұйымдастыру. Қызмет көрсетілетін объектілердегі энергиямен, сумен және жылумен қамтамасыз етудің сенімділігіне талдау және мониторинг жүргізу, мамандандырылған ұйымдардың энергия аудитіне, қауіпті объектілер мен құрылыс конструкцияларына жүргізілген техникалық тексерістің жұмыс сапасын бақылау жұмысын ұйымдастыру. Нормативтік құқықтық актілер, өкімдік құжаттар әзірлеуді қамтамасыз ету және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша басқа да құжаттарды дайындау. Жетекшілік ететін ұйымдардың қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер мен өкімдік құжаттарды әзірлеу және әзірлеуге қатысу, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мәжілістері мен отырыстарына материалдар дайындауды, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша талдамалық материалдар, ақпараттар, өзге де құжаттар дайындауды қамтамасыз ету. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, мемлекеттік органдардың сұрау салуларын қарау.

Орташа лауазымдық жалақысы: 593 751

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім: жылу энергетикасы, электр энергетикасы

Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының Президенті туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңдарын, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін білу, аталған санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа барлық қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары В-3 санаты үшін:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабардар етуге бағдарлану, парасаттылық, ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесімен көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, С-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, Е-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда бес жылдан кем емес жұмыс өтілі егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 14 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14436 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген, тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінің қызметтік тізімі.

Әңгімелесу өткізу орны мен мерзімдері: Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Астана қаласы,  Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі,  12-кіреберіс мекен-жайында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.