Басты бетҚазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бүркіт» мемле...

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Iс Басқармасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, Министрліктер үйі, 12-кіреберіс, анықтама телефондары: 8(7172) 741632,  741503, 741892, электрондық адрес: konkurs@udp-rk.kz Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бүркіт» мемлекеттік авиакомпаниясы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының  директоры бос лауазымы орнына конкурс жариялайды. Кәсіпорынның орналасқан мекенжайы: Астана қаласы, Есіл ауданы, өтпе жол, 77, 2/2-ғимарат.

Кәсіпорын қызметінің мәні мен мақсаты аса маңызды ұшуларды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және жүзеге асыру, сондай-ақ азаматтық авиация саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамалық талаптарына сәйкес өзге де авиация қызметтерін жүзеге асыру болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

- біліктілік талаптарына сай келетін жоғары білім;

- Кәсіпорын қызметі саласындағы басшылық лауазымдарда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;

- Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын, мемлекеттік кәсіпорын қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін, кадр менеджменті мен персоналды басқарудың қазіргі заманғы әдістерін, экономикалық талдау, бухгалтерлік есеп пен есептіліктің негіздерін, мемлекеттік кәсіпорын, мемлекеттік сатып алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңнаманы білу.

Конкурсқа қатысу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесі:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардан үзінді;

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген «Медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды)» № 075/е нысаны бойынша анықтама. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсына алады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау, хабарландыру жарияланған күннен бастап  күнтізбелік 15 күн  iшiнде жүргізіледі.

Әңгімелесудің өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады.