Басты бетҚР ПІБ Медорталығының Қарағанды облысындағы күндері өтіп жатыр

ҚР ПІБ Медорталығының Қарағанды облысындағы күндері өтіп жатыр

ҚР ПІБ Медорталығының Қарағанды облысындағы күндері өтіп жатыр ҚР ПІБ Медорталығының Қарағанды облысындағы күндері өтіп жатыр ҚР ПІБ Медорталығының Қарағанды облысындағы күндері өтіп жатыр

Осы аптада ПІБ Медициналық орталығының Қарағанды облысындағы күндері басталды. Іс-шара аясында Медорталыққа қарасты ауруханалардың және басқа да мекемелердің білікті мамандары жергілікті халыққа практикалық және консультациялық көмек көрсетіп жатыр. 

Кеше Медорталық ауруханасының хирургтары 9 операция жасауға қатысып, 50-ден астам адамға медициналық консультация берді, 300-ден астам тыңдаушыға 9 шеберлік сабағын өткізді. 

Атап айтқанда, Медорталық ауруханасы директорының орынбасары, жоғары санатты нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев Х.Ж.Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханада 3 операцияны өткізіп, 20-дан астам тыңдаушыға консультация берді, 1 презентация ұсынды. Жоғары санатты уролог дәрігері Бақтияр Қасымов, оториноларинголог Арман Нағұманов, уролог Айгүл Әбдірахманова, жалпы хирургтар Талғат Оразов пен Антон Ли 6 операция жасады. 

Сондай-ақ, Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығының өкілдері Алғашқы медициналық-санитарлық көмек тақырыбында 150-ден астам адамға шеберлік сабағын берді. Іс-шара аясында ҚР ПІБ Медициналық орталығы мен Қарағанды облысының әкімдігі арасында Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын айта кетейік. 

Апта соңына дейін Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығы, «Қарлығаш» балабақшасы, «Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені, Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығы қызметкерлері де түрлі бағыттар бойынша презентация жасап, шеберлік сабақтарын өткізеді.

Медорталықың өңірдегі күндері облыстардағы денсаулық сақтау жүйесін дамытуға оң ықпал ету, халыққа жоғары сапалы медициналық көрсету, сондай-ақ озық технологияларды тарату мақсатында қолға алынып отыр. Жыл соңына дейін осы жоба аясында еліміздің барлық аймақтарын қамту көзделген.