Президент Іс басқармасында мемлекеттік қызметке жаңадан келген қызметкерлердің ант қабылдау рәсімі өтті. Салтанатты іс-шара Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын шырқаудан басталды.
Мемлекеттік қызметкерлердің қатарын Дю Дмитрий Эдуардович, Берікбаева Айгерім Қайратқызы, Тоқмырза Аслан Болатұлы толықтырды.
Президент Іс басқармасы аппаратының басшысы Серік Кенжебаев оларды құттықтап, қызметтеріне табыс тіледі.
- Мемлекеттік қызмет – тәртіпті, әділдікті, өз міндетін адал атқаруды талап ететін жауапты жұмыс. Ел мүддесі жолында адал болып, моральдық-этикалық нормаларды сақтауларыңызға тілектеспін. Мемлекеттік қызметтің дамуына үлес қосып, әріптестеріңіздің сенімін ақтайсыздар деп үмітенемін, - деді аппарат басшысы.
Салтанатты жиында сөз алған орталық аппараттың бөлім меңгерушілері де ант беру рәсімінен өткен жаңа әріптестеріне табыс тілеп, жылы лебіздерін білдірді.