Басты бетБақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Бақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Бақыт Әбілдинов ҚР Президенті Іс басқарушысының орынбасары қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының өкімімен Бақыт Үрістемұлы Әбілдинов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Ол бұған дейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарып келді.

Бақыт Үрістемұлы 1975 жылы 8 ақпанда Алматы облысы Қапшағай қаласында дүниеге келген. Қ.Сатпаев атындағы Қазақ политехникалық институтын, «Тұран» университетін, Еуразия Нарық институтын тәмамдаған.

Әр жылдары Қапшағай, Алматы, Астана қалаларының салық органдарында, Алматы мен Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде қызмет атқарған.